• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Маусым, 2017

Буркина-Фасо Президенті ИЫҰ-ның саммитіне қатысады

150 рет
көрсетілді

Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев Каир қаласына ресми сапармен келген Буркина-Фасо Президенті Роч Марк Кристиан Каборемен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Елші Буркина-Фасо көшбасшысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші Саммитіне шақыруын табыстады. Елші әлеуметтік-экономикалық даму, ғылыми-техникалық прогресс, модернизациялау және кедейшілікпен күресу сияқты ислам әлемінің өзекті мәселелерін бірлесіп шешу жолдарын қарастыратын форумның жұмысына Буркина-Фасоның қатысуы өте маңызды екенін атап өтті.

Р.М. Каборе шақыруды ризашылықпен қабыл алып, өз елінің Астана Саммитіне жоғары деңгейде қатысатынын растады. Ол Казақстанды Буркина-Фасо үшін жан-жақты қатынастарды дамытуды және нығайтуды қажет ететін Орталық Азиядағы достас әрі маңызды мемлекет деп қабылдайды және онымен қарым-қатынастарды дамытып, нығайту қажет деп есептейді.

Президент сондай-ақ, Қазақстанда ұйымдастырылатын форумның дер кезінде қолға алынғандығын әрі өзекті мәселе екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның халықаралық аренада маңызды рөл атқаратынын, елдің өңірлік және әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешу ісіне қомақты үлес қосып келе жатқандығын айтты.